Жаңалықтар

Қазақстандағы ЖЭО-тары зейнетақы қорының ақшасына салынбайды - Роман Скляр

Қазақстандағы ЖЭО-тары зейнетақы қорының ақшасына салынбайды - Роман Скляр
Фото: © El.kz 07.02.2024 13:54 400

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Үкіметте өткен баспасөз брифингінде Қазақстандағы үш ЖЭО бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаражатынсыз салынатынын айтты, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жобалар инвесторлар есебінен қаржыландырылатын болады. Тиісті келісімге шетелдік компаниялармен, яғни «Самұрық-Энерго» және ресейлік «Интер РАО» компаниясымен қол қойылды. Ресейлік технологиялар қолданылады. Бастапқыда қазандықтарда көмір жағады, кейіннен олар газға ауыстырылады. Көкшетауға газ келген кезде көмірден газға көшіреміз, - деді Роман Скляр.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасарының сөзінше, жобаға зейнетақы қорының қаржысы жұмсалмайды. Шетелдік инвесторлардың қаржысы тариф есебінен қайтарылады.

Бірінші Көкшетауда, одан кейін Семей мен Өскеменде салынады. 3 жобаға шамамен 350 миллиард теңге жұмсалады. Бәйтеректен несие берілмейді», - деді ол.

Айта кетейік, Үкіметте өткен баспасөз брифингінде Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Ажар Ғинияттың қызметінен кетуіне де қатысты пікірін білдірген болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға