Қазақстандағы туризмге салынған инвестиция көлемі 20,3%-ға артты

 Туризм және спорт министрлігі
Фото: Туризм және спорт министрлігі

2024 жылы елімізде туризм саласындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 947,5 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 20,3%-ға көп (787,3 млрд теңге). 2022 жылы бұл көрсеткіш 513 млрд теңгені құраған.

Инвестициялар өсімі 15 өңірде байқалды, ең жоғары көрсеткіштер тіркелген өңірлер:

Батыс Қазақстан облысы – 196,2%-ға өсті (26 млрд тг);

Ұлытау облысы – 84,2%-ға өсті (4,7 млрд тг);

Қызылорда облысы – 63%-ға өсті (33,7 млрд тг);

Түркістан облысы – 45,6%-ға өсті (81,2 млрд тг);

Атырау облысы – 31,3%-ға өсті (23,5 млрд тг).

Бұл деректер өңірлердегі туристік инфрақұрылымның қарқынды дамып жатқанын және инвестициялық тартымдылықтың артып келе жатқанын көрсетеді, - делінген мәліметте.

Оқи отырыңыз