Жаңалықтар

Қазақстандағы шетелдік инвестициялар ағыны 28 млрд долларды құрады

Қазақстандағы шетелдік инвестициялар ағыны 28 млрд долларды құрады
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 20.07.2023 12:33 843

Еліміздегі шетелдік инвестициялар 2022 жылы 12 пайызға, яғни 1,3 триллион долларға дейін қысқарды. Бұл туралы сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл негізінен Украинадағы қақтығыстарға, жаһандық сын-қатерлерге, азық-түлік пен энергияның қымбаттауына және өсіп келе жатқан мемлекеттік қарыздарға байналысты болды. Төмен дамыған елдер де әсер етті. Онда шетелдік инвестиция көлемі 37 пайызға қысқарса, дамушы елдерде ағын орта есеппен 4 пайызға өсіп келеді, - деді Алмас Айдарұлы.

Сонымен қатар теңізге шыға алмайтын 32 дамушы елдің тікелей шетелдік инвестиция көлемінің 6 пайызға өсімі байқалған. Оның ішінде ең үлкен көлем Қазақстанға тиесілі.

Оқи отырыңыз:

Қазақстан посткеңестік аумақтағы 15 ел арасында және Орталық Азияда 61 пайыз үлеспен тікелей шетелдік инвестицияларды тарту бойынша жетекші орынға ие болды, - деді Алмас Айдаров.

Сыртқы істер министрінің орынбасары өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 28 миллиард доллардан асқанын айтты.

Бұл соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш. Оның алдында 2012 жылы тек қана тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 28,9 миллиард АҚШ долларын құрайтын болған, - деді Алмас Айдарұлы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға