Жаңалықтар

Қазақстандағы орташа еңбекақы көлемі жоғары аймақтар анықталды

Қазақстандағы орташа еңбекақы көлемі жоғары аймақтар анықталды
06.05.2023 18:38 810

Елімізде 767 мыңға жуық ең жоғары орташа жалақыны тау-кен өндірісінде еңбек ететін қазақстандықтар алады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, орташа еңбекақы жоғары аймақтар қатарына өндірістік облыстар енген. 

Орташа жалақы ең жоғары салалар:

  • тау-кен өндіру – 766 555 теңге;
  • қаржы және сақтандыру – 602 114 теңге;
  • ақпарат және байланыс– 541 218 теңге.

Орташа жалақы ең төмен салалар:

  • сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау және өңдеу – 201 884 теңге;
  • ауыл, орман және балық шаруашылығы – 179 388 теңге.

Орташа айлық жалақы жоғары өңірлер бестігі:

  • Атырау облысы – 618 420 теңге;
  • Маңғыстау облысы – 509 818 теңге;
  • Ұлытау облысы – 450 889 теңге;
  • Астана қаласы – 432 197 теңге;
  • Алматы қаласы – 390 322.

Орташа айлық жалақы төмен өңірлер бестігі:

  • Солтүстік Қазақстан облысы – 241 102 теңге;
  • Жетісу облысы – 246 203;
  • Шымкент қаласы – 254 202 теңге;
  • Жамбыл облысы – 254 646;
  • Түркістан облысы – 257 874.

2023 жылғы І тоқсанда өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда орташа айлық атаулы жалақының ең жоғарғы өсімі Атырау облысында тіркелді, Мұндағы көрсеткіш – 29,4%-ға жетсе, ең төменгі өсімі Батыс-Қазақстан облысында байқалған. Белгілі болған көрстекіш 11,9%-ды көрсетті. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға