Жаңалықтар

Қазақстандағы ең қымбат футболшылар

Қазақстандағы ең қымбат футболшылар
Фото: Коллаж El.kz 27.11.2023 18:30 8815

Футбол – әлемдегі ең көп қаралатын танымал спорт түрі. Әлемде ең қымбат ойыншылар жүз миллионнан аса еуро тұрса, отандық аяқдопшылар ең қымбаты бес миллион еуроға бағаланып отыр. Осы орайды, El.kz тілшісі футболшылардың трансферлік құны бойынша рейтингін жасады.  

Бахтиер Зайнутдинов – 5 миллион еуро

Қазақстандағы ең қымбат футболшылар

Жас спортшы 1998 жылы 2 сәуірде Таразда дүниеге келген. Жасы 23-те. Қазақстандық футбол жұлдызының алғашқы жаттықтырушысы Рахмон Устабаев. 2017 жылы «Лиганың жасөспірімдер арасындағы үздік ойыншысы» сыйлығын, сонымен қатар «Маусымның ашылуы» сыйлығын жеңіп алды. Бахтиер әрқашан жартылай қорғаныс шебінде ойнады. 2017 жылдың соңында «Астана» клубына ауысты. 2023 жылдың 16 тамызында Түркияның «Бешикташ» командасымен келісімшартқа отырып, футболшыға 1,2 млн еуро жалақы төленеді.

Нұрәлі Әліп – 1,2 миллион еуро

Қазақстандағы ең қымбат футболшылар

Қазақстандық футболшы, Қазақстан құрамасының және Зенит клубының қорғаушысы. 1999 жылы Ақтауда дүниеге келген. Кәсіби футболға 2008 жылы «Каспий» командасы құрамында келді. 2015-2018 жылдары «Қайрат» командасында ойнады. Қазақстан чемпионатына алғаш рет 2018 жылы «Қайрат» құрамында «Қызыл жар СК»-ға қарсы ойынады. 2022 жылдың наурызда «Зенит» құрамасы сапында Ресей чемпионатына қатысты.

Александр Меркель – 1 миллион еуро

Қазақстандағы ең қымбат футболшылар

Қазақстан және Германия құрамаларының футболшысы, «Хатта» клубының жартылай қорғаушысы. 1992 жылы Алматыда дүниеге келген. Оның әкесі де «Қайрат» құрамында ойнаған. Кейін отбасы тарихи отаны Германияға қоныс аударды, бірақ Меркель Қазақстан азаматтығында қалды. Алғашқыда «Штутгарта» балалар құрамасында, кейін Германия ұлттық құрамасында ойнады. 2010 жылы «Робиньге» қарсы ойында Чемпиондар лигасында ойнады. 2013 жылы «Удинеземен» келісімшартқа отырды.

Марат Быстров – 1 миллион еуро

Қазақстандағы ең қымбат футболшылар

1992 жылы 19 маусымда Қостанай облысы Большевик ауылында дүниеге келген. Қазақстан құрамасының және «Ахмат» Ресей футбол клубының қорғаушысы. «Магниторск» әуесқой лигасында ойнады. Кейін оны «Магниторск» футбол құрамасына шақырылады. 2018 жылы «Астанамен» келісімшартқа отырды. 2020 жылы «Тобылға» өтті. 2018 жылы Қазақстан азаматтығын алып, 2019 жылы Қазақстан құрамасында алғаш рет бой көрсетті.

Абат Айымбетов – 900 мың еуро

Қазақстандағы ең қымбат футболшылар

1995 жылдың 7 тамызында Қызылордада дүниеге келген. Бойы – 184 см. «Астана» және Қазақстан құрамасының шабуылшысы. Қазақстанның үш дүркін чемпионы. Айымбетовтың мансап жолы 2012 жылы «Ақтөбе» футбол клубы сапында басталды. 2013 жылы ол осы клуб құрамында республикалық чемпионы атанды. 2020 жылы «Қайратқа» ауысты. Сәтті өнер көрсетіп, көзге түсіп, ұлттық құрамаға өтті. 

Асхат Тағыберген – 850 мың еуро

Қазақстандағы ең қымбат футболшылар

1990 жылы 9 тамызда Қызылордада дүниеге келген. «Ордабасы» командасының ойыншысы. Спорттық мансабын 2008 жылы «Қайсар» сапында бастады. 2012 жылы «Ақтөбеге» ауысты. Қазақстан чемпионы атанды, күміс және қола жүлдені қанжығасына байлады, командасымен Қазақстан Суперкубогының жеңімпазы атанды. 2016 жылы «Астанамен» келісімшартқа отырды. «Астана» оны 24 миллион теңгеге сатып алды. Тағыберген 26 ойынға қатысты, 2 гол соқты, ел кубогын иеленді. 2018 жылы «Қайсар» клубына қайта оралды.

Георгий Жуков – 750 мың еуро

Қазақстандағы ең қымбат футболшылар

1994 жылдың 19 қарашасында Семей қаласында дүниеге келген. Қытайдың «Цанчжоу Майти Лайонс» клубының жартылай қорғаушысы. Бойы – 172 см. 5 жасында ата-анасы Бельгияға көшіп кетті. Ол Бельгияда футбол үйірмелеріне қатысқан. 2011 жылы 16 жасында «Берсхот» командасы сапында өнер көрсетті. 2012 жылы Бельгия чемпионатына қатысты. 2016 жылдың желтоқсан айында «Қайрат» құрамасымен келісімшартқа отырды. Екі маусым ішінде 43 матчқа қатысты. Командасымен Қазақстанның вице-чемпионы, Қазақстан кубогының екі дүркін жеңімпазы атанды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға