Жаңалықтар

Қазақстандағы елді мекендерге қашан 5G байланыс желісі жеткізіледі? Министр жауап берді

Қазақстандағы елді мекендерге қашан 5G байланыс желісі жеткізіледі? Министр жауап берді
Фото: © iStock 13.09.2023 12:02 1072

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің министрі Бағдат Мусин елді-мекендерге қашан 5G байланыс желісі жеткізілетінін айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

5G – жаңа технология. Ол әзірге ауылдарға, елді мекендерге енбейді. Себебі, қазір әлемде осындай жүйе болып жатыр. Әзірге үлкен қалалар мен облыс орталықтарын ғана қамту жүйесі жүріп жатыр. Жыл соңына дейін 600-700 базалық станция орнату жоспарланған еді, бірақ аукционда 5G-ды жеңіп алған операторлар бұл жоспарлы түбегейлі өзгертті. Сондықтан жыл соңына дейін енді 1000 базалық станция Астана, Алматы және Шымкент қалаларына орнатылатын болады, - деді министр.

Мусин 5 өңірде тұрғындар жаңа технологияны пайдалану үшін бірнеше базалық станция орнатылатынын атап өтті.

Республика бойынша 2027 жылға дейін барлық облыс орталықтарын қамтимыз деп жоспарлаған болатынбыз. Дегенмен қазіргі таңда операторлар 2026 жылдың соңына дейін бұл жұмысты бітіруді жоспарлап отыр, - деді министр.

Бұған дейін министр Астана дүниежүзіндегі тағы қандай елдердің астанасын интернет сапасы бойынша басып озғанын айтқан болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға