Жаңалықтар

Қазақстандағы барлық сайлау учаскесінде дауыс беру жүріп жатыр

Қазақстандағы барлық сайлау учаскесінде дауыс беру жүріп жатыр
Фото: El.kz 19.03.2023 08:29 921

Бұл туралы Орталық айлау комиссиясы мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Елорда уақытымен сағат 8.15-тегі жағдай бойынша облыстардың, Алматы, Шымкент және Астана қалаларының комиссиялары ұсынған жедел деректерге сәйкес, ел аумағында барлық 10146 учаске және Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанындағы 18 учаске дауыс беруге кірісті. Шетелдегі 59 учаске дауыс беруге уақыт белдеулерінің айырмашылығын ескере отырып кіріседі, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға