Жаңалықтар

Қазақстандағы әрбір үшінші пәтер ипотекаға алынған

Қазақстандағы әрбір үшінші пәтер ипотекаға алынған
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 01.04.2024 16:29 318

Қазақстандықтар арасында ипотекаға тұрғын үй сатып алғандар көбейген. Қазіргі таңда үшінші пәтер ипотекаға сатып алынған болып шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі krisha.kz-ке сілтеме жасап.

Ақпанда пәтер сатып алуға қатысты 30500 келісімнің 10400-і ипотекаға рәсімделген. Былтыр әрбір төртінші пәтер немесе үй ғана ипотекаға сатылған болатын.

Бірінші кредиттік бюро мәліметтері бойынша ақпанда ипотекалық несие саны күрт өскен, өткен аймен салыстырғанда бірден 19 пайызға өскен. Krisha.kz сарапшыларының пікірінше, өсім тұрғын үй салымдары бойынша мемлекеттік сыйақыны берілуіне байланысты болуы мүмкін. Отбасы банк өкілдері ақпанда 5700 қарыз берілгенін, бұл қаңтарға қарағанда 21 пайызға артық екенін айтқан.

Салымшылар салым бойынша мемлекеттік сыйақыны күтіп, содан кейін несие рәсімдеуді ұйғарған болуы мүмкін. Сонымен қатар, 15 ақпаннан бастап банкте депозиттерге қойылатын талап күшейді. Енді қарыз алу үшін депозиттегі ақша онда кемінде 6 ай сақталуы керек.

Ақпанда 10 мыңнан аса қазақстандық тұрғын үйді несиеге сатып алған. Кейбір қарыз алушылар ақпанда тұрғын үй бойынша тіпті бірнеше қарыз алған. Ақпандағы жағдай бойынша ипотеканың жалпы сомасы 167,2 миллиард теңгеден асады. Орташа сома - 16 миллион теңге, - делінген krisha.kz ақпаратында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға