Жаңалықтар

Қазақстанда жүзге жуық адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда жүзге жуық адам коронавирус жұқтырды
Фото: pixabay.com 24.02.2023 09:29 633

Өткен тәулікте елімізде жүзге жуық адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі ДСМ-ге сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігінің 24 ақпандағы мәліметіне қарағанда, 1 635 адам коронавирус инфекциясынан (–1 464+ және 171 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 99 пациент стационарда, 1 536 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

«КВИ+, КВИ-ге шалдыққандардың арасында 3 адамның жағдайы ауыр, 4 пациенттің жағдайы өте ауыр, 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», - деп жазды ведомстводан.

 Еске сала кетейік, осыған дейін 1 651 адам коронавирус инфекциясынан, олардың ішінде 96 пациент стационарда, 1 555 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатқандығын хабарлаған болатынбыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға