Жаңалықтар

Қазақстанда жұмыс істейтін зейнеткерлер көбейген

Қазақстанда жұмыс істейтін зейнеткерлер көбейген
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 27.04.2023 21:46 512

Қазақстанда 65 жастан асқан жұмыс істейтін зейнеткерлер саны 30% артты. Бұл туралы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Соңғы бес жылда Қазақстанда 65 жастан асқан жұмыс істейтін зейнеткерлер саны 30% өсті. 2022 жылы олардың саны 76,7 мың адамға жетті, - делінген Экономикалық зерттеулер институтының хабарламасында.

Ақпаратқа сәйкес, зейнеткерлік жастағы кадрлардың көбі Ақмола (18,7 мың) және Қостанай (17,8 мың) облыстарында байқалды. Олар ел бойынша ресми түрде еңбекке тартылған зейнеткерлердің жалпы санының 24%-ын құрайды.

Сондай-ақ Павлодар облысында 8,2 мың зейнеткер, Солтүстік Қазақстан облысында – 8 мың, Қарағанды облысында 7,2 мың зейнеткер жұмыс істейді.

Зейнеткерлік жастағы кадрлардың ең азы Шымкент (91) пен Маңғыстау облысында (113), ал Батыс Қазақстан, Түркістан және Алматы облыстарында жұмыс істейтін зейнеткерлер тіркелмеген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға