Жаңалықтар

Қазақстанда жол-көлік оқиғаларының саны 8,9 %- ға артты

Жол апаттарының нәтижесінде 1,7 мың адам қаза тапты
Қазақстанда жол-көлік оқиғаларының саны 8,9 %- ға артты
Фото: sn.kz 19.10.2022 16:24 1868

Елімізде 2022 жылдың 9 айында 10,2 мыңға жуық апат орын алды, соның салдарынан 15 мыңнан астам адам зардап шекті, деп хабарлайды El.kz 

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жол-көлік оқиғаларының (ЖКО) өсуі 8,9%-ды құрады.

Жол апаттарының нәтижесінде 1,7 мың адам қаза тапты (21 %-ға өсті), оның ішінде  181-і кәмелетке толмаған балалар, 457-і әйелдер және 1 258-і ер адамдар.

Зардап шеккендер арасындағы кәмелетке толмағандардың үлесі 19,9%-ды (3 007) құрайды және олар негізінен автокөлік құралдарының соқтығысуынан зардап шекті.

Жалпы 542 қоғамдық көліктің қатысуымен 532 ЖКО орын алды, онда 70 адам қаза тапты және 783 адам жараланды (өткен жылы 446 бірліктің қатысуымен – 436 ЖКО, онда 61 адам қаза тапты және 590 адам жараланды).

Талдау көрсеткендей, жол-көлік оқиғаларының 86,6%-дан астамы жүргізушілердің кінәсінен болды (8 886, 2021 жылы – 7 726), оның ішінде 363-і (414) алкогольдік немесе есірткілік мас күйде болған.

Жол апатынан зардап шеккендердің ішінде 2 947 адам 30-39 жас аралығында және 2 953 адам 21-29 жас аралығындағы жастар болған.

Сондай - ақ кінәлілердің арасында да көбінесе 30-39 жас аралығындағылар тіркелген - 2 616 адам, 21-29 жас аралығындағы жастар – 2 395 және 60 –тан жоғары жастағы қарттар – 670 адамды құрады.

Жол апаттарының басым бөлігі немесе 7 471 (6 375) елді мекендерде жасалған, 1 918 (1 702) халықаралық, республикалық маңызы бар трассаларда, 869 (870) облыстық, аудандық маңызы бар жолдарда тіркелген.

Апта күндері бойынша жол апаттарының ең көп саны дүйсенбі – 1 567, сенбі – 1 538 және сейсенбі – 1 493 күндерінде жасалған. Көбінесе олар күндізгі уақытта – 6 253, түнде – 1 157 және күн батқаннан кейінгі мезгілде 1 662 орын алған.

Жол оқиғаларының көпшілігі құрғақ жолда – 7 864, дымқыл – 674, қарлы – 309, мұзды – 115 жолда жасалған.

Бұрынғыдай апаттардың ең көп саны Алматы қаласының жолдарында орын алады – 2 620 жағдай, ал ең жоғары өлім көрсеткіші Алматы облысында анықталды, онда 327 адам қайтыс болды. Елордада 495 ЖКО тіркелді.​

Апаттардың ең аз саны Солтүстік Қазақстан облысында - 221 және Шымкент қаласы - 217 тіркелген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға