Жаңалықтар

Қазақстанда «жазғы лагерь» атауы өзгеруі мүмкін

Қазақстанда «жазғы лагерь» атауы өзгеруі мүмкін
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 18.07.2023 19:01 1544

Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына жауап берген Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға қатысты Сіздердің сауалдарыңызға келесіні хабарлаймыз. Каникул кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын ұйымдастырудағы жауапты министрліктер мен жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі 2020 жылғы 14 қаңтардағы №1 өкімінің1 шеңберінде жүзеге асырылады. Аталған өкімде орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың құзыреттері айқындалған. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі (Министрлік) 2023 жылғы жазғы демалыс кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын ұйымдастырудың «Қазақстан – бақытты балалық мекені!» тұжырымдамасын әзірлеп, іске асыру үшін өңірлерге жолдады, - делінген жауапта.

Министрдің ақпаратынша, балалардың сауықтыру ұйымдарында тұру жағдайларына, құрылысқа жер учаскесін таңдау, жобалау, қолданыстағы объектілерді реконструкциялау, қайта жабдықтау, қайта жоспарлау және кеңейту, қайта бейіндеу, сумен жабдықтау, су бұру, жылумен жабдықтау, жарықтандыру, желдету, ауаны баптауға қойылатын біріңғай талаптар санитариялық қағидаларда айқындалған. 

Сондай-ақ балалар сауықтыру ұйымдары балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары болып табылады. Осы орайда, Білім беру және бала құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңы жобасының аясында «Білім туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңдарына балаларға арналған сауықтыру ұйымдарын хабарлама жасау жөнінде өзгерістер енгізуі қарастырылған. Бұл Заң жобасы балалар сауықтыру ұйымдарының электрондық тізілімін құруға және сәйкесінше қорытынды құжаттарсыз ашылмауының алдын алуға мүмкіндік береді. 

Биыл «Жаздық сауықтыру және демалыс жолдамасы» бірегей бағдарламасы әзірленді. Онда 10 күндік күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау, әр күн бағдарламасы, қызметтің мақсат, міндеттері, іс-шара форматы, формасы қарастырылған. Бағдарлама негізінде 20 өңірдің жауапты мамандары, сауықтыру ұйымдарының әдіскерлері ағымдағы жылдың 22 - 26 мамыры аралығында оқу курстарынан өтті. Сонымен қатар Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы РМҚК балаларға арналған қосымша білім бағдарламаларын іске асыратын педагогтер мен бейіні бойынша мамандарға арналған «Каникул кезеңінде балалардың демалысы мен сауықтыруын ұйымдастырудың заманауи модельдері» атты біліктілік арттыру курсының білім беру бағдарламасы бойынша қызметтерін іске асырады, - дейді министр.

Министрлік қосымша білім беру ұйымдарынының үлгілік қағидаларын «Балалардың сауықтыру ұйымдары қызметінің тәртібі» атты 3-тарауымен толықтырды. Бұйрық жобасы жергілікті атқарушы органдармен келісіліп, Әділет министрлігіне жолданды. Онда балалардың сауықтыру ұйымдарының қызметінің тәртібін реттеу, түрлерін анықтау, мақсаты мен міндеттерін айқындау қарастырылған. 

Министрлік «Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығына өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Онда «лагерь» атауын «орталық» атауымен алмастыру мәселесі пысықталуда. Жалпы, жазғы уақытта балаларды демалыспен, сауықтырумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда және Министрліктің ерекше бақылауында, - деп мәлім етті Ғани Бейсамбаев өз жауабында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев «жазғы лагерь» сөзін демалыс орны немесе сауықтыру орны деп атауды ұсынған еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға