Жаңалықтар

Қазақстанда жаңа тұрғын үй айтарлықтай арзандады

Қазақстанда жаңа тұрғын үй айтарлықтай арзандады
Фото: © Pixabay.com 12.12.2023 09:12 912

Қарашада жаңа пәтердің 1 шаршы метрі 491 мың 985 теңге болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл қазанмен салыстырғанда 0,7%-ға төмен.

Арзандау әсіресе Алматы, (1,6%), Ақтөбе, (2,8%) және Шымкент (3,4%) қаласында байқалады. Тұрғын үйді жалға алу қымбаттады. Жалпы ел бойынша көрсеткіш 4828 теңгеге жетті. Бұл осыдан бір ай бұрынғымен салыстырғанда 0,2%-ға жоғары. Пәтер жалдауда ең қымбаты Алматыда, шаршы метрі — 5470 теңге, - делінген хабарламада.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, баспана бағасының арзандауы соңғы 7 жылда болмаған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға