Жаңалықтар

Қазақстанда жаңа кәсіби мереке пайда болады

Қазақстанда жаңа кәсіби мереке пайда болады
23.06.2023 15:00 681

1 ақпанда Азаматтық авиация күнін атап өту ұсынылды. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасынан белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

“Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін. Көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесінде мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын”, - делінген құжатта. 

Сонымен қатар құжатта Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күнін қалпына келтіру мәселесі де қозғалыпты. Ол 15 ақпан күні ретінде белгіленіп отыр. 

Құжат 11 шілдеге дейін қоғам талқысында болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға