Жаңалықтар

Қазақстанда Youtube Premium қосылды

Қазақстанда Youtube Premium қосылды
Фото: Коллаж El.kz 13.03.2024 09:27 284

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі пайдаланушылар мен контент жасаушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын Google компаниясының Youtube Premium сервисін Қазақстанба іске қосқаны туралы мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл оқиға елдің цифрлық инфрақұрылымын дамытудағы және оны жаһандық желіге біріктірудегі елеулі қадамды білдіреді.

️Өткен жылдың наурыз айында Кремний алқабындағы өз жұмыс сапары барысында Бағдат Мусин Youtube өнімдерін басқару жөніндегі вице-президенті Адам Смитпен Қазақстанда сервистің іске қосылуын талқылады.

Басқа қызметтермен қатар YouTube Premium-ді қолдану бейне мен музыкалық мазмұнға жарнамасыз шексіз қол жетімділікті, бейне материалдарды офлайн режимде көру үшін оны жүктеу мүмкіндігін және басқа қосымшаларды қатар қолдану кезінде оны фондық режимде де тыңдау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, қазір цифрлық экономиканы дамыту мен Қазақстандағы жергілікті контент-жасаушыларды қолдау мүмкіндіктері күн тәртібінде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға