Жаңалықтар

Қазақстанда үш адам бірігіп, қоғамдық бірлестік құра алады

Қазақстанда үш адам бірігіп, қоғамдық бірлестік құра алады
Фото: © Pixabay.com 08.11.2023 12:41 604

Мәжілістің жалпы отырысында қоғамдық бірлестіктер мәселелері бойынша түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Заң жобасы азаматтық қоғамды одан әрі дамыту мен жаңа қоғамдық бірлестіктер құру тәртібін оңайлату мақсатында әзірленген.
 
Қазақстандықтар кемінде үш адамнан тұратын топпен қоғамдық бірлестік құру мүмкіндігіне ие болады (бүгінде ол үшін кемінде он адам қажет). Бұдан бөлек қолданыстағы заңнама нормаларға сәйкестендіріледі, атап айтқанда, республикалық маңызы бар қалалардағы қоғамдық бірлестіктердің мәртебесі айқындалады, сондай-ақ басқа да мәселелер құқықтық тұрғыда реттеледі.

Заң жобасы аясында Азаматтық кодекске, «Қоғамдық бірлестіктер туралы» және «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» зандарға өзгерістер мен толықтырулар еңгізіледі.
 
Саяси партиялар мен діни бірлестіктер құру бұл заңмен емес, салалық заңнамамен реттелетінін айта кеткен жөн.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға