Қазақстанда тыңайтқыштарды енгізу көлемі 1,9 млн тоннаға дейін жеткізілмек
13.05.2025 10:29
532

Фото: t.me/KZgovernment
Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров шаруаларды көктемгі дала жұмыстарына тыңайтқыштармен қамтамасыз ету туралы баяндады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол өткен жылы алғаш рет тыңайтқыштарды қолдану көлемі 1,3 млн тоннаны құрағанын атап өтті. Биыл 1,9 млн тонна индикатор белгіленді, бұл ғылыми негізделген қажеттіліктің 59%-ын құрайды. Осы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін қосымша Үкімет резервінен тыңайтқыштарды субсидиялауға 48,4 млрд теңге бөлінді.
Әкімдіктердің деректеріне сәйкес, бүгінгі күні 991 мың тонна тыңайтқышқа келісім-шарт жасалып, оның 841 мың тоннасы жөнелтілді, – деді Айдарбек Сапаров.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
«Астана LRT-ның» бұрынғы басшысы Талғат Ардан Түркияда ұсталды
Келесі жаңалық
Қырғызстан президенті Астанаға келді