Жаңалықтар

Қазақстанда Түркия сияқты сериал индустриясын жаулап алуға мүмкіндік бар - Бекмамбетов

Қазақстанда Түркия сияқты сериал индустриясын жаулап алуға мүмкіндік бар - Бекмамбетов
Фото: instagram.com/bekmambetovtimur 12.10.2023 16:38 961

Белгілі ресейлік кинорежиссер Тимур Бекмамбетов Қазақстанмен бірігіп кино түсіргісі келетінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мен Қазақстанмен бірігіп жоба жасауды өмір бойы жоспарлап келе жатырмын. Бірақ әзірге орындалмай жатыр, - деді ол.

Оның сөзінше, қазақстандық кинематографияның болашағы зор.  Өйткені түркі тілдес елдер мен орыс тілді аудиторияда сұранысқа ие болатын кино түсіруге болады.

Қазақстанда кинематографияны жақсы көретін аудитория бар. Оған қоса шетелдік көрермендерге арнап өнім жасауға болады. Біріншіден, Қазақстан - көптілді ел. Өзбекстан, Түркия сияқты тарихы ортақ түркітілдес елдер бар.  Бұл үлкен аудитория, мәдениеті мен дүниетанымы ортақ 300 миллион адам. Қазақстанда Түркия сияқты сериал индустриясын жаулап алуға мүмкіндік бар. Оған қоса орыстілді аудитория, ТМД елдері бар. 250 миллион орыс тілді адам бар, - деді танымал кинорежиссер.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға