Жаңалықтар

Қазақстанда тұмауға қарсы 2 млн 136,5 мың адамға вакцина салынды

Қазақстанда тұмауға қарсы 2 млн 136,5 мың адамға вакцина салынды
Фото: aqmeshit-aptalygy.kz 09.11.2022 12:37 1343

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында «Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Марал Рақымжанова айтты, деп хабарлайды El.kz.

«Қазақстанда ЖРВИ мен тұмау ауруларына мониторинг 1 қазаннан 30 сәуірге дейін жүргізіледі. 2022 жылдың 1 қазанынан бастап республика бойынша 1 млн 27 мың ЖРВИ жағдайы тіркелді. Республикадағы сырқаттанушылық өткен жылдағыдай көрсеткішті көрсетіп отыр. Тұмаудың 865 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 341-і 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелді», – деді Марал Рақымжанова.  

Қазақстанда тұмаудан басқа тұмауға ұқсас вирустар таралуда. Тұмауға ұқсас инфекция бойынша 2300-дей  сыңама тексерілді. 341 сыңамасы немесе 15 % оң нәтижені көрсетті. Оның ішінде риновирус, эрес вирус, парагриф, коронавирус, аденовирус, бокавирус және метапневмовирус бар екенін атап өтті.  

«Биыл бюджет қаражатынан Ресейден шығарылатын гриппол плюс вакцинациясының 2 млн 300 мың дозасы сатып алынды. Вакицна құрамында алдағы маусымдағы вирустарға қарсы штамдар бар. Бұл республика халқының 12 % қамтуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік бюджет есебінен ең алдымен халықтың осал топтарына егіледі. Оның ішінде медицина қызметкерлері, медициналық ұйымдарда диспансерде есепте тұрған балалар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналады», – деді ол.

Оның айтуынша, республика бойынша тұмауға қарсы 2 млн 136,5 мың адамға вакцина салынды. Оның ішінде жергілікті бюджет қаражатынан 2 млн 54 мың адам, жұмыс берушілер есебінен 51 650 адам, ақылы негізінде 30 700 адам және вакицина алғандардың арасында 14 жасқа дейінгі 468 579 бала бар.  

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға