Жаңалықтар

Қазақстанда телерадио арналар жұмысы уақытша тоқтатылады

Бұл туралы АҚДМ мәлім етті
Қазақстанда телерадио арналар жұмысы уақытша тоқтатылады
Фото: kaztkd.kz 16.01.2023 16:34 1200

18 қаңтарда сағат 03:00-17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желі сервистері жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осы уақытта Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Қазтелерадио» АҚ тоқсан сайын жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға