Жаңалықтар

Қазақстанда теле-радиоарналардың жұмысы бір күнге тоқтатылады

Жоспарлы-профилактикалық жұмыстар тоқсан сайын жүргізіледі
Қазақстанда теле-радиоарналардың жұмысы бір күнге тоқтатылады
Фото: baribar.kz 18.01.2023 08:10 650

18 қаңтарда республикадағы теле-радиоарналар уақытша жұмыс істемейді,  деп хабарлайды El.kz «Қазтелерадио»-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

18 қаңтарда сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін спутник, цифрлық және аналогты эфир желілердің техникалық құралдарында жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Жұмыс барысында Қазақстанның барлық аумағында теле-радиоарналар жұмысы уақытша тоқтатылады, - делінген хабарламада.

Мұндай жоспарлы-профилактикалық жұмыстар тоқсан сайын жүргізіледі.

Тоқсандық жоспарлы-профилактика жұмыстары сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді. Осы кезеңде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар жүргізіледі. Бұл жұмыстар сапалы теле-радио хабарын тарату үшін қажет, - дейді «Қазтелерадио». 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға