Жаңалықтар

Қазақстанда тағы екі кәсіби мереке пайда болады

Қазақстанда тағы екі кәсіби мереке пайда болады
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 19.10.2023 13:32 537

Қазақстанда тағы екі кәсіби мереке пайда болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Еңбек министрлігі «Кәсіби мерекелердің тізбесін бекіту туралы» бұйрыққа өзгерістер енгізбек. Енді, елімізде тағы екі кәсіби мереке пайда болады. Бұл туралы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.   

Кәсіби мерекелер тізбесі "Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация қызметкерлері күні – 1 ақпан"; "Бұрғылаушы күні – қарашаның үшінші сенбісі" тармақтарымен толықтырылсын", - делінген бұйрықта.

Енді, елімізде жаңартылған тізім бойынша кәсіби мерекелердің жалпы саны 53-ті құрауы мүмкін.

Айта кетейік, құжатты жария талқылау 2 қарашаға дейін жалғасын табады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға