Жаңалықтар

Қазақстанда Starlink интернетіне қосылатын мектептер саны артады

Қазақстанда Starlink интернетіне қосылатын мектептер саны артады
Фото: facebook.com/BagdatMussin 17.04.2024 13:36 444

Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин SpaceX-тің жаһандық лицензиялау және белсендіру жөніндегі директоры Ребекка Хантермен кездесіп, елімізде аталған компания технологиясын кеңейту мәселесін талқылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қонақтармен Қазақстанда Starlink технологиясын кеңейту, ауылдық мектептерді кең жолақты интернетпен жабдықтау, сондай-ақ цифрлық жобаларды дамыту мәселелерін талқыладық. Айта кететін жайт, Starlink-ке қосылған Шұбар ауылының мектебін SpaceX-тегі әріптестер бүгін өз көздерімен көріп қайтып, кездесу барысында оң ойларын бөлісті, - деді Мусин.

Бүгінгі таңда 447 ауылдық мектеп Starlink технологиясын қолдана отырып интернетпен қамтамасыз етілген.

Министрдің сөзінше, терминалдарды орнатқаннан кейін мектептердегі интернеттің орташа жылдамдығы 200 Мбит/с жетеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға