Жаңалықтар

Қазақстанда шорт-тректен Әлем кубогының екі кезеңі өтеді

Әлемнің 30 елінен 250-дей шорттрекші қатысады
Қазақстанда шорт-тректен Әлем кубогының екі кезеңі өтеді
Фото: sports.kz 06.12.2022 16:09 632

Алматы қаласында 9-11 және 16-18 желтоқсан күндері шорт-тректен әлем кубогының ІІІ және IV кезеңдері өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл екі жарысқа әлемнің 30 елінен 250-дей шорттрекші қатысады.

Алматыдағы "Халық Арена" мұз сарайында өтетін айтулы додада Олимпиада және Азия ойындарының, әлем чемпионаты мен кубогінің жеңімпаздар-жүлдегерлері бақ сынайды.

Қазақстаннан мына спортшылар қатысады:

Ерлер: Абзал Әжіғалиев, Әділ Ғалиахметов, Денис Никиша, Нұртілек Қажығали, Еркебұлан Шамұханов, Санжар Жанисов.

Әйелдер: Ольга Тихонова, Яна Хан, Мәдина Жанбосынова, Анастасия Астраханцева, Алина Әжіғалиева, Алёна Волковицкая.

Алматы турнирлерінен кейін шорттрекшілер Дрезденге (Германия) аттанады. Әлем кубогының қорытынды шешуші кезеңі Дордрехт (Нидерланд) қаласында өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға