Қазақстанда сейсмикалық жағдайды бақылау бойынша жедел штаб құрылды

Қазақстанда сейсмикалық жағдайды бақылау бойынша жедел штаб құрылды
Фото: t.me / qr_tjm

Қазақстанда сейсмикалық жағдайды бақылау бойынша жедел штаб құрылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

"Қазселденқорғау" ММ мамандары өзен арналарына, гидротехникалық құрылыстарға, сондай-ақ көшкін қаупі және сел қаупі бар учаскелерге мониторинг жүргізді. Қосымша ЖП патрульдік полиция қызметкерлері тіршілікті қамтамасыз ету объектілері зақымданған-зақымданбағанын тексеріп шығады.

ҚР ТЖ вице-министрі Батырбек Әбдішевтің төрағалығымен жұмыс кеңесі және аумақтық бөлімшелермен бейнеконференцбайланыс өткізілді.

⚡Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ
⚡Тіршілікті қамтамасыз ету объектілері штаттық режимде жұмыс істейді
⚡Қазақстанның ТЖМ жағдай мониторингін жалғастыруда

Жамбыл облысында 5 химиялық қауіпті нысан орналасқан. Мамандар оларды зерттеу үшін өзара іс-қимыл ұйымдастырды - қауіп жоқ.

Жедел әрекет ету үшін Қазақстан ТЖМ мен ТЖД Командалық орталығында жедел желі ашылды:

  • +7 7172 55-96-21
  • + 7 262 51-35-75

Оқи отырыңыз