Жаңалықтар

Қазақстанда ресейлік тауарлар қаншалықты артуы мүмкін? Министр пікір білдірді

Қазақстанда ресейлік тауарлар қаншалықты артуы мүмкін? Министр пікір білдірді
Фото: t.me/KZgovernment 15.08.2023 13:08 811

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Ресейден Қазақстанға келіп жатқан тауарлардың артуы қаншалықты мүмкін екеніне байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы ол Үкімет отырысынан кейін кулуарда айтты. 

БАҚ өкілдері министрден: «Рубль арзандап жатыр. Осыған дейінгі болған жағдайда «хаос» орын алған еді. Бұл қазақстандықтардың Ресейге барып, арзан тауар алып, екі ел арасында жүруіне үлкен бетбұрыс болмай ма? Осы жағдай қайталанып жүрмей ме? Бұл елімізге қаншалықты кері әсер етуі мүмкін?» деп сұрады. 

Жалпы курсқа келгенде бірнеше фактор әсер етеді. Әсіресе, экспорттық және импорттық операциялар кезінде. Бұл курс бір факторы ғана. Басқа факторлар да көп. Мысалы, логистика, тауарды өткізу мүмкіндігі, бәсекелестік жағдайы. Осының барлығын сараптап қарасақ, көрші мемлекеттегі жағдайды барлығымыз білеміз, олардың өздеріне де қазір тауарлар қажет. Олар керісінше, көптеп импорттап алып жатыр. Өйткені, саяси жағдайдың да әсері бар. Осы тұста үлкен ағым болады деп ойламаймын. Дегенмен де, біздің бір жылдан аса уақыт бойы теңгенің бағамы рублге қарағанда әлдеқайда жоғары. Бұл жерде керісінше процесс болуы керек еді. Біздің тауар өндірушідерде тезірек нарықты жаулап алуға, экспортты көптеп шығаруға  мүмкіндік болған. Сондықтан да бұл құбылмалы жағдай, осы тұста Ресейден елімізге көптеп ресейлік тауарлар келеді деп ойламаймын», - деді Қаржы министрі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға