Қазақстанда қытайлық нөмірмен жүретін көліктер көбейді: оларды кім жүргізе алады?

 ©El.kz/Артем Чурсинов
Фото: ©El.kz/Артем Чурсинов

Қазақстан жолдарында қытайлық нөмірмен жүретін автокөліктер көбейе бастады. Дегенмен мұндай көлікті кез келген адам жүргізе алмайды.

Kolesa.kz мәліметінше, Қазақстан азаматтары шетелдік нөмірлі, соның ішінде Қытайда тіркелген көлікті тек белгілі бір шарттар орындалған жағдайда ғана заңды түрде жүргізе алады. Атап айтқанда, жүргізуші Қазақстаннан тыс жерде тұрақты тұруы тиіс және көлік елге уақытша әкелінуі керек.

«Жол жүрісі туралы» заңға сәйкес, халықаралық қозғалысқа қатысатын көліктер Қазақстан аумағында елге кірген сәттен бастап бір жылға дейін бола алады. Бірақ бұл үшін бірнеше талап сақталуы қажет. Көлік Қазақстанда тіркелмеуі, уақытша әкелінуі және шетелде тұрақты тұратын жеке немесе заңды тұлғаға тиесілі болуы керек. Сонымен қатар мұндай көлікті шетел азаматы, азаматтығы жоқ адам немесе Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсаты жоқ тұлға басқаруы тиіс.

2025 жылғы 31 желтоқсаннан бастап заңнамаға тағы бір өзгеріс енгізілді. Енді Қазақстан азаматы да шетелдік нөмірлі көлікті жүргізе алады, бірақ ол үшін оның шетелде тұрақты тұратын мәртебесі болуы шарт, яғни резиденттік, ықтиярхат немесе ұзақ мерзімді виза сияқты құжаттары болуы керек.

Осылайша, Қазақстан азаматы ел ішінде қытайлық нөмірмен жүретін еркін жүре алмайды. Бұл үшін оның басқа мемлекетте тұрақты тұратынын растайтын ресми мәртебесі болуы қажет.

Сонымен қатар елімізде автокөлікті міндетті сақтандырусыз жүргізуге тыйым салынған. Алайда шетелдік нөмірлі көліктерге сақтандыру рәсімдеу де оңай емес. 2023 жылы сақтандыру туралы заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, халықаралық қозғалысқа қатыспайтын және Қазақстанда тіркелмеген көліктерге міндетті сақтандыру полисі берілмейді.

Бұл дегеніміз – халықаралық қозғалыс талаптарына сәйкес келмейтін Қазақстан азаматтары шетелдік нөмірлі көлікке сақтандыру рәсімдей алмайды деген сөз. Ал сақтандырусыз көлік жүргізу заңмен тыйым салынған.

Сондықтан мамандар мұндай көліктерді пайдаланбас бұрын заң талаптарын мұқият зерделеуге кеңес береді.

Оқи отырыңыз