Жаңалықтар

Қазақстанда қолма-қол ақшасыз төлемдер артуда

Цифрлық теңге бойынша осы жылдың аяғына дейін Мемлекет басшысына ұсынылады
Қазақстанда қолма-қол ақшасыз төлемдер артуда
Фото: inbusiness.kz 05.12.2022 16:30 862

Елімізде қолма-қол ақшасыз операциясының көлемі артуда. Оны пайдалану елімізде әлі де сақталып отырғанын Ұлттық банк төрағасы брифингте тілге тиек етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Біздің Ұлттық банктің негізгі міндетінің бірі – халыққа қолма-қол ақшаның айналымын қамтамасыз ету. Кейбір жағдайда қолма-қол ақша бірден-бір төлем жасаудың негізі болып табылады. Бұған пандемия кезеңі дәлел. Елімізде банкнот шығаратын фабрика бар. Яғни, теңгені шығарады. Оларға бұл теріс әсерін беріп отырған жоқ. Теңгемен ғана емес, басқа елдерге банконтпен монета шығару сервисін ұсынып, шетелден тапсырыс қабылдауда. Цифрлық теңге бойынша осы жылдың аяғына дейін біз Мемлекет басшысына ұсыныс дайындаймыз. Президент ұсынысты қабылдаса, оны енгізу үшін біршама уақыт қажет болады. Сол себепті, цифрлық теңге енгізу әлі шешілген жоқ. Енгізген жағдайда қаржы жүйесіне қалай әсер ететінін талдаймыз», – деді Ұлттық банк төрағасы.

Қазіргі таңда ақша айырбастау пунктерінде 507,3 млн ресей рублі бар.

«Екінші деңгейдегі банкте 14,1 млрд ресей рублі бар. Бұл аса көп ақша емес. Осы жылдың бірінші жартысында 38 млрд-тан аса рубль жиналған кезде біререттік рұқсат берген болатынбыз. Ұлттық банк үкіметтің қаулысына енгізді. Қаулы қабылданған күннен бастап, банктерге 60 күн беріледі. Осы күн аралығында қолма-қол ресей рублін сыртқа шығаруға рұқсат беріледі», – деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға