Жаңалықтар

Қазақстанда қауіпті шарларды сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілуі мүмкін

Қазақстанда қауіпті шарларды сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілуі мүмкін
Фото: © Pixabay.com 22.11.2023 10:13 468

Елімізде көңіл көтеруге пайдаланылатын газға тыйым салынады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ішкі істер министрлігі азот оксидіне толған шарларды сату үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.Тиісті бөлім осыдан үш жыл бұрын бұл зат күшті әсер ететін заттардың тізіміне енгізілгенін, бірақ бұл газдың тарауына кедергі емес екенін баса айтты. Бұл туралы КТК телеарнасында айтылды.

Ішкі істер министрлігі енді шар ішіндегі газдың айналымын заңнамалық деңгейде бақылауға алмақ. Заңнамаға тиісті өзгертулер енгізіліп жатыр.

Бізде күшті әсер ететін заттар үшін жауапкершілік қарастырылмаған. Сондықтан бүгінде мәжіліс күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілікті қарастыратын заң жобасын әзірлеп жатыр. Бірақ ол тізімде бар. Менің ойымша. Жақын арада бұл үшін қылмыстық жауапкершілік туындайды, айналымдар болады, - деп түсіндірді ҚР ІІМ департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов.

Елімізде бірнеше жылдан бері азот оксиді («көңіл-күй газы» немесе «шарик-кумарик» деп аталады) интернетте және кейбір түнгі клубтарда «мүлдем зиянсыз» өнім ретінде шар түрінде ашық сатылып келеді.

Дәрігерлердің айтуынша, азот оксидін таза күйінде тұтыну өте қауіпті және адам денсаулығына ауыр зиян келтіреді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға