Жаңалықтар

Қазақстанда қару жасайтын 7 цех анықталды

Қазақстанда қару жасайтын 7 цех анықталды
Фото: © ҰҚК 09.01.2024 11:14 459

2023 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция және прокуратура органдарымен бірлесіп заңсыз айналымнан, соның ішінде «қаңтар оқиғалары» кезінде ұрланған қаруды іздеу және алу бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қорытындысы бойынша қарудың заңсыз айналымының 14 арнасы және оны қолдан жасау бойынша 7 цех жойылды.

51 Калашников автоматы, 192 мылтық, 165 тапанша, 45 граната, 2 гранатомет, 4 дана снаряд пен миналар, 7 жарылғыш құрылғылар және әртүрлі калибрдегі 36 870 патрон тәркіленді.

Қарудың заңсыз айналымына қарсы күрес бойынша іс-шаралар жалғасуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға