Жаңалықтар

Қазақстанда қарттарға қаржылай көмек көрсетіледі

Қазақстанда қарттарға қаржылай көмек көрсетіледі
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 27.09.2023 18:00 1015

Біржолғы материалдық көмек Астана, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістан, Жетісу және Ұлытау облыстарындағы қарияларға төленетін болады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Республика күніне орай Ақмола және Павлодар облыстарында қарт адамдарға біржолғы төлем жасалады. 

Сондай-ақ, Қарттар күніне (1 қазан) Астана қаласында, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістан, Жетісу және Ұлытау облыстарында, сондай-ақ Республика күніне (25 қазан) Ақмола және Павлодар облыстарында аға буын өкілдеріне 2-ден 10 АЕК-ке дейінгі мөлшерде, шамамен 1,9 млрд теңгеге 234 мың адамға біржолғы материалдық көмек көрсетілетін болады, – делінген мәліметте. 

Сонымен қатар қарттар күніне орай Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Абай және Ұлытау облыстарында мерекелік азық-түлік себеттері табысталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға