Жаңалықтар

Қазақстанда қарақұмық өндірісі 30,2%-ға өсті

Бұл туралы Статистика комитеті мәлім етті
Қазақстанда қарақұмық өндірісі 30,2%-ға өсті
Фото: 24.kz 13.02.2023 20:01 937

Қазақстанда 2022 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында ірі тартылған қарақұмық ұны мен жармасы өндірісінің көлемі 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30,2%-ға өсті. Осы уақыт ішінде қазақстандық кәсіпорындар 36 мың тонна өнім шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Алайда экспорт бірден 10%-ға төмендеді. Өткен жылдың 11 айында экспортқа тек 7,3 мың тонна қарақұмық өнімі жіберілді, ал 2021 жылы 8,1 мың тонна экспортталған.

Ал импорт өз кезегінде 2,5 есе өскенін көрсетті. Егер 2021 жылы 1,8 мың тонна қарақұмық ұны мен жармасы импортталса, 2022 жылы 4,7 мың тоннадан астам өнім импортталды. Сырттан әкелінетін өнімнің үлес салмағы – 11,7%.

2022 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша ішкі нарықта 33,4 мың тонна қарақұмық жармасы мен ірі тартылған ұны сатылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға