Жаңалықтар

Қазақстанда қаңтар-қарашада экономиканың өсу қарқыны 2,7% құрады

Қазақстанда қаңтар-қарашада экономиканың өсу қарқыны 2,7% құрады
Фото: Ақорда 12.12.2022 11:21 1313

Қазақстанда қаңтар-қарашада экономиканың өсу қарқыны 2,7% құрады. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов айтты деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ауыл шаруашылығы, ақпарат және байланыс, құрылыс, өңдеу өнеркәсібі, сауда, көлік және қоймалау салалары 4%-тен астам өсуді көрсетуде.

«Ағымдағы жылдың қаңтар-қазанында сыртқы сауда айналымы 34%-ке өсіп, 111 млрд. долларды құрады. Экспорт 45%-ке, соның ішінде өңделген тауарлар экспорты 35%-ке өсті. Оң сауда балансы 2 есеге ұлғайып, 31 млрд. долларды құрады. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 6,6%-ке өсті», - деді ол.

Экономиканың негізгі салалары бойынша инвестициялар ағыны білім беру саласында, саудада, құрылыста, көлік және логистикада, ауыл шаруашылығында, өнеркәсіпте едәуір өскен

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға