Жаңалықтар

Қазақстанда қанша ұлт өкілі туратыны белгілі болды

Қазақстанда қанша ұлт өкілі туратыны белгілі болды
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 01.05.2023 11:14 1383

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Ұлттық статистика бюросы елімізде қанша түрлі ұлт өкілдері тұратыны туралы деректі жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгінде Қазақстан халқының саны 19 808 430 адамды құрайды. Оның ішінде қазақтардың үлесі 70,6 пайыз болса, орыс халқының үлесі – 15,1%, өзбектер – 3,2%, украиндар – 1,9%, ұйғырлар – 1,5%, немістер – 1,1%, татарлар – 1,1%, әзербайжандар – 0,7%, кәрістер – 0,6% және басқа ұлттар құрайды.

Қазақтардың ең көп саны Түркістан облысында – 1,5 млн, орыстардың жалпы санынан көпшілігі Алматы қаласында тұрады – 428 мыңы, өзбектер Түркістан облысында – 378 мың адам, украиндар Қостанай облысында – 86 мың, 297 мың ұйғырдың басым бөлігі Алматы облысында – 120 мың адам, - деп жазылған Ұлттық статистика бюросы таратқан мәліметте.

Сонымен қатар, елімізде гагауздар, лезгиндер, құмықтар, аварлар сияқты аз таралған этностардың да өкілдері бар. Ресми дерек бойынша, Қазақстанда барлығы 124 ұлт өкілі мекен етіп жатыр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға