Жаңалықтар

Қазақстанда қанша мектеп бар?

Қазақстанда қанша мектеп бар?
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 06.06.2023 17:10 3739

Қазақстанда  7724 мектеп бар. Оның ішінде, ауылдық жерлерде – 5279 мектеп, қалалық жерлерде – 2445 мектеп бар. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Бір ауысымды – 2740 мектеп, екі ауысымды – 4847 мектеп және үш ауысымды – 137 мектеп бар. Аралас (екі тілді) мектептер саны – 2294. Тәуелсіздік алғаннан бері елімізде 3315 мектеп қолданысқа берілген. 

Қазақстанда қанша мектеп бар?



Биыл 179 032 оқушыға арналған 256 мектептің құрылысын аяқтап, қолданысқа беру жоспарланған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға