Жаңалықтар

Қазақстанда қанша колледж бар?

Қазақстанда қанша колледж бар?
Фото: © Pixabay.com 27.07.2023 23:34 795

Қазақстанда өткен оқу жылында (2022-2023жж.) 718 техникалық және кәсіптік білім беру мекемесі жұмыс істеді. Оның 567 қалалық жерлерде, қалған 151 – ауылдық жерлерде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, оқу орындарының жалпы санынан 414-і мемлекеттік меншікте, 304 – жекеменшікте. Орта білім беру орындарын түрлеріне қарай жіктесек, олардың 625-сі – колледж, 89-ы – жоғары колледж және 4-уі – училище.

Оқу орындарының ең көп саны Алматы қаласында – 84, одан кейін Түркістан және Жамбыл облыстары, тиісінше 49 және 41 бірліктен. Ең азы Ұлытау облысында – 13 бірлік, - делінген мәліметте

Естеріңізге сала кетейік, 2022-2023 оқу жылының басында Республикада 116 жоғары оқу орны жұмыс істеген, оның 72,4% – жеке меншікте, 25,9% – мемлекеттік және 1,7% шетелдік меншікте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға