Жаңалықтар

Қазақстанда қанша босқын тұрады

Қазақстанда қанша босқын тұрады
Фото: © El.kz 27.11.2023 11:25 841

Республика аумағын паналаған барлық шетелдік Қазақстанның босқындарға қатысты халықаралық қоғамдастық алдындағы міндеттемесіне сай мемлекеттен қорғап-қолдау қамтамасыз етілген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазір республикада Ауғанстан, Украина, Өзбекстан, Сирия және ҚХР-дан келген 325 босқын тұрады.

Босқындармен жұмыс жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау аясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанында ұлттық заңнама нормаларын Конвенция ережелерімен имплементациялау жөніндегі жұмыс тобы жұмыс істейді, - делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарламасында.

Жұмыс тобы босқындарға Қазақстан аумағында тұрақты тұратын шетелдіктермен тең дәрежеде медицина көмегіне, білім алуға және әлеуметтік көмек беру жөнінде ұсыныстар әзірледі.

Бұл ұсыныстар мүдделі мемлекеттік органдардың қарауында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға