Жаңалықтар

Қазақстанда қанша базар бар

Қазақстанда қанша базар бар
Фото: Астана әкімдігінің сайты 25.04.2023 15:53 782

Қазақстанда базар саны азайып келеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда 722 базар тіркелген, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 16-ға аз.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 495 сауда базары (133 мың сауда орны) қалалық жерде, 227-сі ауылдық жерде (39 мың сауда орны) орналасқан.

Базарлардың ең көп саны Түркістан облысында – 115 бірлік, оған қоса Алматы (58) және Ақтөбе (57) облыстарында. Өңірлік бөліністе сауда орындарының ең көп саны Алматы қаласында – 24 мың орын (41 базар), - делінген мәліметте.

35 базар заңды тұлғаларға тиесілі болса, қалған 387-сі жеке кәсіпкерлердің атына тіркелген.

Елдегі базарлардың жалпы ауданы 7,7 млн м2 құрайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға