Жаңалықтар

Қазақстанда Полиция күні атап өтілуде

Қазақстанда Полиция күні атап өтілуде
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 23.06.2024 09:16 351

Бүгін, 23 маусымда, Қазақстанда тәртіп сақшылары өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция жұмысы – бұл қылмыспен күрес, қиын сәтте көмекке мұқтаж жанға қол ұшын созу. Республика бойынша күн сайын 14 мыңнан астам полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қоғам тыныштығы мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Ал тәуелсіздік жылдарында ішкі істер органдарының 817 қызметкері қызмет бабында қаза тапты.

Қазақстан полициясының күніне орай Астанада EXPO кешеніндегі «Нұр Әлем» сферасы және «Қазақстан темір жолы» ғимараты жағылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға