Жаңалықтар

Қазақстанда пайда тауып отырған ресейлік кәсіпкер семіз адамдарды жұмысқа алмайтынын айтты

Қазақстанда пайда тауып отырған ресейлік кәсіпкер семіз адамдарды жұмысқа алмайтынын айтты
Фото: Видеодан кадр 04.09.2023 13:17 1049

Қазақстанда және шетелде қымбат мейрамханалар желісіне иелік ететін ресейлік кәсіпкер, ресторатор Александр Орловтың қызметкерлерге айтқан мәлімдемесі елдің наразылығын тудырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Блогер Ұлықбек Шәріповке сұхбат берген Александр Орлов адамдарды жұмысқа аларда артық салмағы барларды жалдамайтынын айтады.

Семіз адамдарды жұмысқа алмаймын. Қалжыңдап тұрған жоқпын. Топ-позицияларға алмаймын, - деді Александр Орлов.

Кәсіпкер мұндай адамдарды жұмысқа алу бизнес үшін қауіпті екенін атап өткен.

Толық адамдарды, семіз адамдарды жұмысқа қабылдамаған дұрыс, бұл қауіпті. Дене - сенде бар ең құнды нәрсе. Қалғанының бәрі дене сияқты құнды емес. Денені саған жоғарыдан, туған кезде береді, - деді Орлов.

Кәсіпкердің ұстанымымен блогер де келіскен. Желі қолданушылары бұл ұстанымның қисынсыз екенін айтып, наразылық білдірді.

Еңбек кодексі бойынша бұл мүмкін емес, әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Конституция бойынша бұл адамды кемсіту және конституциялық еңбек құқығын бұзу", "Ол Қазақстан азаматтарын бірнеше рет қорлап қана қоймай, Конституциядағы бапқа қарамастан адамдарды кемсітіп отыр. Мұны қолдайтын адамдар әлі де бар ма?", "Ол дұрыс айтады, ең құндысы - денеміз, оны жақсы көру және күту керек. Алайда ол толықтарды қорлады. Адамдар үнемі май жей бермейді. Оған көптеген себеп бар, бірақ бұл олардың ақыл-ойы мен қабілеттерін анықтамайды, - деп жазды олар.

Айта кетейік, Алматыда Александр Орловқа Queen Almaty, DragonFly, Blue Cat Coffee, Manana, Tanuki, Астанада Ryba Pila және "Орлов моншалары" кешені сияқты нысандар тиесілі.

Былтыр Орлов "Орта Азияда білікті кадрларды табу қиын, олар тапшы" деген мәлімдеме жасаған болатын. Бұл мәлімдеме де қазақстандықтардың әлеуметтік желілерде наразылығын тудырған еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға