Жаңалықтар

Қазақстанда өрттен 54 адам құтқарылды

Қазақстанда өрттен 54 адам құтқарылды
Фото: ҚР ТЖМ 02.01.2024 14:35 512

Өткен тәулікте Қазақстан ТЖМ күштері 221 рет шақыртуға барды, оның 111-і - өрт және жану оқиғаларына, 109-і - іздестіру, авариялық-құтқару және басқа да жұмыстарға, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ТЖМ мәліметінше, бұл ретте 54 адам құтқарылып және эвакуацияланды.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік шараларын сақтап, дауыл туралы ескертулерді, ауа райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырады.

Ауылдық жерлерде тұратын тұрғындарға ауа райы нашарлаған жағдайда алыс қашықтыққа жаяу жүруден бас тартуды ұсынамыз, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға