Жаңалықтар

Қазақстанда онлайн кредит беруге тыйым салынады

Қазақстанда онлайн кредит беруге тыйым салынады
Фото: El.kz 26.04.2023 12:59 950

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі проблемалық қарызы бар азаматтарға онлайн кредит алуға тыйым салуды жоспарлап отырғанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы агенттік төрағасы Мәдина Әбілқасымова айтты.

Елімізде несие алғандардың саны неге көбейіп жатыр? Өйткені, олар банктегі бір проблемалық несиесін жабу үшін микроқаржы ұйымдарынан тағы бір несие алады. Енді осы бағытта шектеу қойылып, проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа онлайн несие беруге тыйым салынады, - дейді  агенттік басшысы. 

Ол сол себепті проблемалық кредит туындаса, жаңа кредит беруге тыйым салу туралы осындай ұсыныс енгіздік деп айтты. Тілшілердің бірі "Бұл тыйым тек микроқаржы ұйымдарына қатысты ма?" деп сұрады.

Біз барлық кредит бойынша қарастырып жатырмыз, - деді Мәдина Әбілқасымова. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға