Жаңалықтар

Қазақстанда мыңнан астам тұрғын өмір сүретін 6295 ауыл бар

Қазақстанда мыңнан астам тұрғын өмір сүретін 6295 ауыл бар
Фото: pixabay.com 14.03.2023 12:30 1459

Бұл туралы мемлекет басшысының ауылдық аймақтарды дамыту және де жергілікті өзін-өзі басқару саласын жетілдіру тапсырмасын іске асыру барысын таныстыру мақсатындағы жиынды айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ұлттық экономика вице-министрінің айтуынша 2023 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша республикамызда 7,5 ауыл тұрғындары тұратын, 6295  ауылдық елді-мекендер бар. Ауылдық елді-мекендердің дамуына жүргізілген талдау  көрсеткендей ел аумағындағы ауылдардың 78%-ы   сумен жабдықтау қызметтеріне, 77%-ы  интернетке қол жеткізген.

Ал жергілікті маңызы бар жолдардың 90% нормативтік жағдайда болса, 82,6% денсаулық сақату обьектілері мен 81% білім беру обьектілері және 59% спорт және мәдениет обьектілерімен қамтамасыз етілген.

«Жалпы ауылдардың, елді-мекендердің санының ішінен даму әлеуеті жоғары  3500 ауыл іріктеліп алынған. Онда ауыл тұрғындарының 90% өмір сүреді. Оның ішінде 1200 тірек ауылдары және оның айналасында 2300 жақын жердегі спутниктік ауылдар орналасқан. Ол ауылдарды қаржыландыру негізінен республикалық бюджет есебінен. Соның ішінде «Ауыл ел бесігі» жобасы шеңберінде жүзеге асырылуда”, деді Экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға