Жаңалықтар

Қазақстанда «Монғолия қазақтарының театр тарихы» атты көлемді энциклопедиялық жинақ жарық көрді

Қазақстанда «Монғолия қазақтарының театр тарихы» атты көлемді энциклопедиялық жинақ жарық көрді
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2024 12:43 380

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында өнертанушы, жазушы Тайф Тәукейұлының «Монғолия қазақтарының театр тарихы» және «Керуен ғұмыр» кітаптарының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Монғолия қазақтарының театр тарихы» кітабында Баян-Өлгейдегі ұлттық театрдың қалыптасуы, оның негізін қалаушылар, әр кезеңдегі дамуына атсалысқан тұлғалар туралы баяндалады.

Қазақ драма театры халыққа рухани азық берген қасиетті өнер шаңырағы болған. Театр сахнасында жергілікті қазақ жазушыларының, моңғол, қазақстандық және шетелдік драматургтердің көптеген туындылары сахналанған.  Мәдениет ордасының дамуына Қазақстаннан шақырылған мамандар көп үлес қосқан.  Энциклопедиялық жинақта бұл туралы егжей-тегжейлі айтылады.

«Керуен ғұмыр» кітабы – Моңғолияның түрлі аймағында 30 жылдан аса мекендеп, еңбек еткен отандастардың тағдыры туралы.

«Монғолия қазақтарының театр тарихы» атты көлемді энциклопедиялық жинақ мемлекеттік тапсырыспен, Алматыдағы «Дәуір» баспасынан жарық көрген. «Керуен ғұмыр» ғылыми-көпшілік кітабы Қазақстан Жазушылар одағы мен «Отандастар» қорының қолдауымен басылып шыққан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға