Жаңалықтар

Қазақстанда миллиардерлер саны артты

Қазақстанда миллиардерлер саны артты
Фото: Akorda.kz 19.02.2024 11:45 9264

Биылдан бастап Қазақстанның ең бай кәсіпкерлерінің саны 50-ден 75-ке дейін ұлғаяды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Forbes Kazakhstan журналының сараптама тобы басшысы Ардақ Бөкееваның сөзіне қарағанда, мұндай шешім 50 орынның аздық етіп жатқанына байланысты қабылданған.

Біз 75-ке дейін көбейтеміз деп шештік. Себебі соңғы жылдары тізімге енбей қалып жатқан кәсіпкерлер көп болды, әйтпесе айырмашылық небәрі 500 мың доллар ғана, - деді ол.

Басылым мәліметінше, 2012 жылдан бері тізім аса көп өзгермеген. Он жылдам астам уақыттан бері рейтингіде сол бір адамдар тұр. Көш басында $3,5 млрд (2023 жылы — $4,6 млрд) қаржы тапқан Владимир Ким тұрса, бесінші орынға әрқайсысында $1,258 млрд бар Тимур мен Динара Құлыбаевтар (2023 жылы — $4,3 млрд-тан) жайғасқан. Ал олардың алдын дүниеден өткен Алиджан Ибрагимов (Ибрагимовтер отбасы былтыр жетінші орынға тұрақтаған), Сәрсеновтер отбасы (2023 жылы – сегізінші орын) мен Болат ­Өтемұратов (2023 жылы – алтыншы орын) орап кетті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға