Жаңалықтар

Қазақстанда мигранттарды бақылайтын портал іске қосылды

Қазақстанда мигранттарды бақылайтын портал іске қосылды
Фото: © Pixabay.com 21.12.2023 14:15 557

Қазақстанда Migration.enbek.kz көші-қон ресурстары порталы іске қосылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Портал шетелдік азаматтар туралы ақпаратты орталықтандырылған басқару құралдарын біріктіреді, сондай-ақ көші-қон саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Migration порталы – бизнес-процестерді реинжинирингтеу және көші-қон саласындағы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылын дамыту жолымен құрылған инновациялық платформа.

Шетел азаматтары туралы ақпаратты орталықтандыру және біріздендіру көші-қон процестерінің әртүрлі кезеңдерін синхрондауға, деректерді тиімдірек басқаруға, оларды өңдеу мерзімдері мен шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді.

Порталда көші-қон саласындағы мемлекеттік қызметтердің кең спектрі бар, мысалы: «Қандас» мәртебесін беру, қоныс аударушылар мен қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу, «Ата жолы» картасын беру, пана іздеуші адам куәлігін алу және тағы басқа.

Портал және көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы қосымша ақпаратты migration.enbek.kz сайтынан алуға болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға