Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды.
Ақорданың хабарлауынша, Президент бұл шешімді Қазақстан Республикасы Конституциясының 88-бабының 5-тармағына сәйкес, Премьер-министр Олжас Бектеновпен және Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебаймен консультация өткізгеннен кейін қабылдады.
Жарлыққа сәйкес, Орталық сайлау комиссиясына барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау, сондай-ақ сайлауға дайындық пен оны өткізуге қатысты іс-шараларды ұйымдастыру тапсырылды.
Құжат жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Премьер-министрмен және Құрылтай төрағасымен барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі бойынша консультация өткізкен еді.