Жаңалықтар

Қазақстанда магистранттар мен докторанттар британиялық диплом ала алады

Қазақстанда магистранттар мен докторанттар британиялық диплом ала алады
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі 16.01.2024 21:09 459

Қазақстандық магистранттар мен докторанттар Сассекс университетінің дипломын бұдан былай елде жүріп-ақ ала алады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетімен бірлескен қос диплом бағдарламасын іске асыру бойынша келіссөздер өткізу үшін Ұлыбританиядан Алматыға арнайы делегация келді. Мәртебелі меймандарды Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гүлмира Қанай қарсы алды. Тараптар ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік орнату бойынша 3 күн қатарынан кездесулер өткізеді.

Қос диплом бағдарламасы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті мен Сассекс университеті бірлесіп жеңіп алған Британдық кеңес грантының аясында іске асады. Яғни қазақстандық магистранттар мен докторанттар екі диплом алатын болады: біріншісі – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің, екіншісі – Сассекс университетінің дипломы, - делінген мәліметте.

Осы әріптестік аясында педагогика саласында қосымша білім алуға мүмкіндік беретін PGCE in Pedagogy and Practice халықаралық бағдарламасы да іске асады. Сондай-ақ профессорлар мен оқытушылардың біліктілігін арттыратын орталық құрылады. Бұл қазақстандық және британиялық жоғары оқу орындары ғылымды дамытуда да бірлеседі деген сөз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға