Жаңалықтар

Қазақстанда криптовалюта айналымына тыйым салынған

Қазақстанда криптовалюта айналымына тыйым салынған
Фото: pixabay.com 07.03.2024 18:13 444

Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстан Республикасының аумағында қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің айналымына тыйым салу туралы мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Қазіргі уақытта ҚМА жеке тұлғалардың криптовалютамен заңсыз операцияларды (сатып алу/сату, тауарлар, жұмыстар, қызметтер үшін есеп айырысулар, Р2Р арқылы операциялар) жүргізуін байқайды.

Криптовалюта көбінесе алаяқтық, қаржылық пирамида және қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстату сияқты қылмыстарда қолданылады.

Осыған байланысты Қазақстан аумағында:

қамтамасыз етілмеген сандық активтерді шығаруға (Bitcoin, Ethereum және тағы басқа)
қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің айналымына (Bitcoin, Ethereum және тағы басқа арқылы өзара есеп айырысу)
қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер бойынша цифрлық активтер биржаларының қызметіне (қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді валютаға

және валюталарды қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерге айырбастау жөніндегі қызметтер)тыйым салынғанын еске саламыз, - делінген ақпаратта.

Осы тыйымның бір ғана ерекшелігі бар – «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) лицензиясын алған биржалардың қызметі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға