Жаңалықтар

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны екі есеге өсті

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны екі есеге өсті
Фото: © Pixabay.com 09.02.2024 14:54 1226

Қазақстанда жыл басынан бері COVID-19 жұқтырғандардың саны екі есеге өсті. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі – бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова мәлімдеді,  деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәліліметінше, биыл қаңтарда (2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда) елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 2,5 есе өсіп, 477 дерек тіркелген. Былтыр желтоқсанда 187 жағдай болған.

26 қаңтар мен 1 ақпан аралығында бір аптаның ішінде КВИ+ диагнозымен 144 адам тіркелген. Соодан кейін 11 адам КВИ- болып шықты. Осылайша, ауруға шалдығу көрсеткіші өсіп отыр, - дейді Есмағамбетова.

СOVID-19 жұқтырғандардың ең көп саны Алматы (143 жағдай) және Астана (74 жағдай) қалаларында. 2024 жылғы 26 қаңтардан 1 ақпан аралығында елімізде жалпы 155 адам (144 жағдай КВИ+, 11 жағдай КВИ–) коронавирус жұқтырды. Бір аптада сырқаттанушылық 26 дерекке өскен.

Осыған байланысты, парламент мәжілісінде бептерде тағу талабы енгізілді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға